№28 мектеп-лицейінде «Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында 6–9 сынып оқушыларына арналған құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыс өткізілді.
Профилактикалық кездесуді Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі (анықтаушысы) Қадирұлы Айдарбек өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға дропперлік, интернет-алаяқтық, қаржылық пирамидалар және киберқауіпсіздік мәселелері сияқты өзекті қауіптер туралы ақпарат берілді. Спикер алаяқтар жиі қолданатын тәсілдер туралы түсіндіріп, заңсыз әрекеттерге қалай араласып кетпеу керектігін, сондай-ақ интернетте жеке деректер мен қаржыны қалай қорғауға болатынын айтып өтті.
Оқушылар заңсыз қаржылық операцияларға қатысудың құқықтық салдары туралы мәлімет алып, цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету бойынша практикалық ұсыныстар алды. Өткізілген кездесу жасөспірімдер арасында жауапкершілік, құқықтық мәдениет қалыптастыруға және интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1179428?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау