Алматы облысында бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында сұрақтар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаевтың өңірдің кәсіпкерлерімен кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында облыс прокуроры бизнес өкілдеріне кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында прокуратура органдарының жұмысы, сондай-ақ қадағалау қызметінде қолданылып жатқан жаңа құралдар жөнінде хабардар етті.

Соңғы үш жылда облыс прокурорларымен шамамен 8 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалғанын атап өтті. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 6,9 трлн теңгені құрайтын 138 инвестордың 64 проблемалық кейсі шешілген.

Прокуратурамен инвесторларға қатысты бақылау-қадағалау органдарының тексерулер тағайындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғау және тыйым салу-шектеу шараларын қолдану жөніндегі 237 шешімі келісу рәсімі арқылы өткен. Оның ішінде 35 шешім бойынша прокуратура органдары келісуден бас тартып, бұл бизнес қызметіне негізсіз араласудың алдын алуға мүмкіндік берді.

Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз тексерулерді жүргізу және араласу фактілері үшін 13 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуратурасы әкімдік пен өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, инвесторларды апта сайын қабылдау жұмыстарын жүргізуде. Олардың барысында білікті заңгерлік кеңестер беріліп, жан-жақты пысықтауды талап ететін проблемалық мәселелер жұмысқа алынуда.

Кездесу соңында облыс прокуроры прокуратура органдары диалогқа ашық екенін және бизнес пен инвесторлардың заңды құқықтарын қорғауда қажетті құқықтық қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1180496?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version