Амал келді Жыл келді!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Амал келді Жыл келді!
14 наурыз – Амал мерекесіне орай Баянды ауылдық клубында қызметкерлер арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, ұйымшылдық пен шығармашылықты арттыру мақсатында «Амал келді Жыл келді» атты мерекелік шара өтті.
Шара барысында әжелер отқа таба нан пісіріп, ит көйлек тігу дәстүрін көрсетті. Ал келіндер бауырсақ пісіріп, қамыр жайып кеспе кесті. Ер азаматтар ұлттық ойындардан күш сынасып, кір көтеру, ләңгі тебу ойындарын ойнап, мерекенің көркін қыздырды.
Шараға қазылық еткендер: бөлім басшысы Есенбай Кұли, Басқұдық мәдениет үйінің меңгерушісі Қойманова Рабиға, ауыл белсендісі Мусаева Райхан.

Қазылар алқасы өз бағаларын беріп, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік шараға ауыл әкімі Қадырбек Жексенбаев қатысып, барша қатысушыларға ақжарма тілегін айтты.
Шараның қорытындысы 19 наурыз күні жарияланады.
Ұлттық дәстүріміз ұлықталып, береке-бірлігіміз арта берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1180296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version