Ақтөбе облысында эпизоотиялық және эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 

Ағымдағы жылдың наурыз айында “Ақтөбе облысында 2022-2026 жылдарға арналған адамдар және ауылшаруашылық жануарларына ортақ зооантропоноздық жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы” кешенді жоспарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында паразиттік және зооантропоноздық аурулардың алдын алу, сондай-ақ халықтың эпидемиологиялық және эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық,қалалық ,аудандық аумақтық инспекцияларының, Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы өкілдерінің, ветеринариялық станса директорларының, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен обаға қарсы күрес станциясының мамандарының қатысуымен бірлескен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және оларға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар сібір жарасы, құтыру және бруцеллез аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай, олардың алдын алу шаралары, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері жөнінде тиісті ұсынымдар, тапсырмалар берілді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1179414?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version