Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департамент тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізу және іске асыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары, лицензия алу тәртібі және жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, қызмет көрсету сапасына қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат берілді.
Аталған түсіндіру жұмыстары қызмет көрсетушілердің хабардарлығын арттыруға және әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-atyrau/press/news/details/1180042?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау