Астана әкімі Жеңіс Қасымбек референдумда дауыс берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында референдумда дауыс бергені туралы мәләм етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін таңертең Оқушылар сарайы ғимаратында орналасқан өз сайлау учаскемде дауыс бердім. Қала бойынша барлығы 501 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Елорда тұрғындарының ыңғайлылығы үшін арнайы іздеу қызметі іске қосылған. Оның көмегімен әр азамат өз сайлау учаскесі мен мекенжайын біле алады: referendum.astana.kz ресми веб-сервисі; referendum_astana_bot telegram-боты; 109 нөмірі арқылы iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығы.

Бүгін сайлау учаскелерінде еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1181300?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version