Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогі кезеңі өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26-29 наурыз күндері елордадағы QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде семсерлесуден (шпага) Әлем кубогі кезеңі өтеді. Халықаралық додаға 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық сында ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді. Жалпы, жүлде үшін 30-ға жуық отандық спортшы бақ сынайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1179985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version