Аудан әкімі Тынышбаев Берік Тынышбайұлының Арасан ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудан әкімі Берік Тынышбайұлы Арасан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
 
Кездесуге аудан прокуроры Дастан Несіпбайұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ғабит Ахметхожаұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Ерлан Жұмаділұлы, сондай-ақ аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты.
 
Жиын барысында Арасан ауылдық округінің әкімі Рамиль Кабиров 2025 жылы округте атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
 
Кездесу барысында аудан әкімі Берік Тынышбайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берді.
 
Айта кету керек өткен жылы округте Суықсай–Қызылжар ауылдарының арасындағы жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта 180 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
 
Жиын соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, тұрғындар Б.Сырттанов атындағы мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатары бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1181482?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version