Кездесудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттары мен мазмұнын түсіндіру, сондай-ақ педагогикалық ұжыммен өзекті қоғамдық-саяси мәселелерді талқылау болды.
Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып өтті. Әсіресе заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1180514?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау