Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда
Жамбыл ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынды комиссия төрайымы Махпал Досымбекова жүргізді.
Отырыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамау фактілері ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес қаралып, тиісті құқықтық және әлеуметтік шаралар белгіленді.
Сондай-ақ жауапты органдарға балалардың білім алуы, тәрбиесі және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, отбасылардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу тапсырылды.
Комиссия отырысында балалардың мүддесі әрқашан бірінші орында екені атап өтіліп, олардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1180212?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау