БҚО-да Амал күніне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысында Амал мерекесі ерекше аталып өтіп жатыр. Бүгінде бұл дәстүр жаңа сипат алып, заманауи технологиялармен ұштасып келеді. Мәселен, Амал мерекесіне орай облыстағы барлық LED экрандар мен электрондық тақталарда арнайы цифрлық құттықтаулар көрсетілді.

Жасанды интеллекттің көмегімен тарихи тұлға Әбілхайыр ханның бейнесі жанданып, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтайтын бейнероликтер ұсынылды. Бұл – дәстүр мен технологияның үйлескен көрінісі. Қаланың орталық көшелері мен қоғамдық орындарында мерекелік цифрлық атмосфера қалыптасып, көктемгі жаңару рухы ерекше сезіледі.

Қазақтың дәстүрлі күнтізбесінде көктемнің алғашқы лебі сезілетін ерекше күн бар. Ол – 14 наурыз, Көрісу күні немесе Амал мерекесі. Бұл күн тек бір-бірімен амандасып, құшақтасатын рәсім ғана емес, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дүниетаным мен қоғамдық этиканың көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181243?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version