Бүгін, 2026 жылғы 13 наурызда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 2026 жылғы 13 наурызда онлайн трансляция режимінде Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 320 «Қостанай ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  2. Қостанай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы.
  3. Мәслихаттың 2017 жылғы 28 шілдедегі № 157 «1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген), және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін ордендермен және медальдармен марапатталмаған адамдардың еңбек өтілдерін белгілеу жөнінде арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

            Депутаттар ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдады, олар мәслихаттың бюджет, экономика, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында алдын ала қаралып, талқыланды.

            Жалпы отырыстың қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-reg/press/news/details/1180577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version