Екібастұз қаласында «Railways Systems KZ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А.К. Капанов және Екібастұз қаласының прокуроры Қ.С. Атығаев қатысты. Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еңбек қатынастары мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1179379?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау