КЕНТАУДА АРДАҚТЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов және Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қаблан Елеусізов қаладағы ардақты аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Қала басшылығы көпбалалы аналар мен еңбек ардагерлерінің үйлеріне барып, олардың өмір жолы мен қоғамға сіңірген еңбектеріне алғыс білдірді.

Атап айтқанда, республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының «Алтын жүрек» номинациясының және «Алтын шаңырақ» байқауының жүлдегері, көпбалалы ана Гүлжаһан Жумашева, тыл ардагері, 13 бала тәрбиелеп өсірген көпбалалы ана Құрбан Мұхамедова, сондай-ақ Кентау қаласындағы трансформатор зауытында 30 жыл еңбек етіп, кейін жергілікті «Икар» телеарнасында 15 жыл диктор қызметін атқарған Наталья Стрепетова мерекеге орай арнайы құттықталды.

Кездесу барысында ардақты аналарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер айтылды. Қала басшылығы олардың өнегелі өмір жолы мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі қоғам үшін әрдайым үлгі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1179291?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version