КЕНТАУДА «JAS МЕРГЕН» ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Кентау қаласы және оған қарасты ауыл жастары арасында «Jas Мерген» атты дәстүрлі садақ ату сайысы жоғары деңгейде өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы және Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қаблан Жамалбекұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс қорытындысы бойынша «Алтын жебе» номинациясын Мұсабай Нұрбақыт, «Жас қыран» номинациясын Камалитдин Кахраман, «Үздік мерген» атағын Шаймахан Еркебұлан иеленді. Командалық есепте І орынды «Жас мерген» командасы, ІІ орынды «Ащысай қырандары» командасы, ІІІ орынды «Жас қыран» командасы жеңіп алды.

Жарыс соңында барлық қатысушылар мен командаларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1179262?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version