Көктемгі егіс жұмыстарына арналған арзандатылған дизель отынын жеткізу бойынша оператор анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 наурызда өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынын жеткізетін операторды анықтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Ағымдағы жылғы егіс науқанын өткізу үшін аграрлық секторды мемлекеттік қолдау аясында жеңілдетілген бағамен 10,5 мың тонна дизель отыны қарастырылған. Бұл шара көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы жүргізуді қамтамасыз етуге, фермерлік шаруашылықтардың өндірістік шығындарын азайтуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Конкурстық іріктеуге төрт әлеуетті оператор қатысты:

  • «Бином» ЖШС
  • «PetroRetail» ЖШС
  • «NEFTEK Operating» ЖШС
  • «VenOil» ЖШС

Комиссия отырысында қатысушылар ұсынған коммерциялық ұсыныстар, жеткізу және логистика шарттары, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне отынды уақытылы және үздіксіз жеткізу мүмкіндіктері қаралды.

Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша арзандатылған дизель отынын жеткізу операторы ретінде «NEFTEK Operating» ЖШС анықталды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мұнай базасынан дизель отынының соңғы бағасы литріне 270 теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын босату 2026 жылғы 16 наурыздан бастап басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-auyl/press/news/details/1179973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version