Бүгін Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті.
Жиынға Абай облыстық мәслихатының депутаттары, аудандық мәслихаттың төрағалары мен депутаттары қатысты.
Президент форумда мемлекеттік басқару жүйесі, экономика және әлеуметтік саладағы реформалар туралы айтып, мәслихаттардың рөліне айрықша тоқталды. Мәслихаттар – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіндегі негізгі институт. Депутаттар жұмысын үйлестіруде жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау, өңірдің табысын арттыру, халықпен ашық тікелей байланыс жасауға ерекше назар аудару қажет.
Жиында Президент бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумның маңызына тоқталып, оған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жарқын көрінісі деп баға берді және жаңа Конституцияның жобасының маңызы кеңінен айтылды.
Мемлекет басшысы жаңа Ата Заңда Тәуелсізідік, Егемендік және Аумақтық тұтастықты қорғау басты қағидаттар ретінде бекітілгенін, сондай-ақ ұлттық валютаның мәртебесі айқындалғанын атап өтті.
Жиын өңірлік саясаттың тиімділігін бағалауға және өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілді. Форумда Мәжіліс депутаттары мен өңірлік мәслихат өкілдері сөз сөйлеп, жергілікті басқару жүйесін дамытуға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/1180321?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау