Бүгін елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдум аясында Мақтаарал ауданында дауыс беру науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысуда.
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов та бұл маңызды саяси науқаннан шет қалмай, отбасымен бірге келіп дауыс берді. Ол Мырзакент кентінде орналасқан №890 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Аудан басшысы референдум – елдің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын тарихи сәттердің бірі екенін атап өтті. Ол мұндай маңызды кезеңде әрбір азаматтың белсенділік танытып, өз пікірін білдіруі қоғам үшін маңызды екенін жеткізді.
Сайлау учаскесіне келген аудан әкімі учаскелік комиссия мүшелерімен және тұрғындармен жүздесіп, дауыс беру үдерісінің ұйымдастырылу барысымен танысты. Учаскеде барлық талаптардың сақталғанын, тұрғындардың еркін әрі кедергісіз дауыс беруіне қажетті жағдай жасалғанын көрді.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында таңертеңнен бастап мақтааралдықтар учаскелерге ағыла келіп, елдің маңызды саяси науқанына белсенді түрде қатысуда.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1181420?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау