МАҚТААРАЛДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ДА РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 15 наурыз күні елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдум аясында Мақтаарал ауданында дауыс беру үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда.
Аудан орталығы Мырзакент кентінде орналасқан №381 референдум учаскесіне мүмкіндігі шектеулі азаматтар да келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың қатарында кент тұрғындары Амантай Нұржігітов пен Шыңғыс Мәметов бар. Олар мұндай маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысу әрбір азаматтың азаматтық парызы екенін атап өтті.
«Бүгінгі референдум – ел болашағы үшін маңызды қадам. Сондықтан, әр азамат өз дауысын беріп, қоғамдағы өзгерістерге үлес қосуы керек» – дейді, дауыс берген тұрғындар.
Жалпы Мақтаарал ауданында 68 595 дауыс беруші тіркелген. Оның ішінде 1 423-і – мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Аталған санаттағы тұрғындардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында учаскелерде арнайы талаптар қарастырылған. Атап айтқанда, пандустар орнатылып, ғимараттарға кіру-шығу жеңілдетілген, қажет болған жағдайда комиссия мүшелері тарапынан көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтарға үйден дауыс беру мүмкіндігі де қарастырылған.
Жалпы, Мақтаарал ауданында өтіп жатқан референдумда барлық санаттағы азаматтарға тең мүмкіндік жасалып, дауыс беру үдерісі заң талаптарына сай әрі ашық түрде ұйымдастырылып жатыр.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1181367?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version