Ағымдағы жылдың 12 наурызында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімімен «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау мақсатында «MAXI MALL» сауда-ойын-сауық орталығында кәсіпкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге тауар белгілерін құқықтық қорғау, оларды тіркеу тәртібі және кәсіпкерлік қызметте зияткерлік меншікті қорғаудың маңызы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ тауар белгілерін заңсыз пайдалану мәселелеріне және мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түрлеріне ерекше назар аударылды.
Кәсіпкерлерге құқық иесінің рұқсатынсыз бөтен тауар белгісін пайдалану, сондай-ақ шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді қолдану азаматтық-құқықтық, әкімшілік және кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жеткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға заңнама талаптарын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.
Осындай іс-шараларды өткізу кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және тауар белгілерін пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1180410?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау