Наурыз – достық пен ынтымақтың, ырыс-берекенің, жаңарудың мейрамы, халықтар бірлігі мен татулығының бастауы.
Халық арасында мерекелік көңіл-күйді қалыптастыру және төл мерекемізді тойлаудың игі дәстүрін жалғастыру мақсатында «Наурызнама» онкүндігі аясында 16–24 наурыз аралығында Шымкент қаласында ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптейтін мерекелік бағдарламалар, концерттер, көрмелер, сән көрсетілімдері, ұлттық спорт ойындары және шығармашылық кездесулер күтеді.
Мерекелік бағдарламаларды жіберіп алмау үшін біздің парақшамызды қадағалаңыз және ең қызықты шараларға бірге қатысыңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1180204?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау