2026 жылғы 10 наурызда павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасында өңірлік операторларды айқындау жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді.
Байқауға 3 компания өтінім берді:
– «Retro Retail» ЖШС
– «LF TRADE» ЖШС
– «ТК Парнас» ЖШС
Өтінімдерді қарау және балдық жүйе бойынша бағалау нәтижесінде 2 өңірлік оператор анықталды:
Операторлардың байланыс деректері
«ТК ПАРНАС» ЖШС
Павлодар қ. Химкомбинатовская көшесі 1/125
Павлодар қ. Циолковский көшесі 41
8 771 412 05 06
«LF-TRADE» ЖШС
Павлодар қ. Солтүстік өнеркәсіптік аймақ 120
Павлодар қ. Орталық өнеркәсіптік аймақ 246
8 701 537 70 63
Арзандатылған дизель отынынын бағасы:
1 литрі – 275 теңге
(1 тоннасы – 327 970 теңге)
Аталған баға орташа нарықтық құннан 15 % – ға төмен.
Мониторинг деректеріне сәйкес, дизель отынының орташа нарықтық бағасы шамамен
литріне 322 теңгені құрайды.
Павлодар облысына бөлінген дизель отынының жалпы көлемі – 27 272 тонна:
– наурыз – 6 827 тонна
– сәуір – 12 285 тонна
– мамыр – 8 160 тонна
Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар – жағармай материалдарымен уақытылы оңтайлы агротехникалық мерзімдерде жүргізуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жанар – жағармай материалдарын уақытылы алуды қамтамасыз етуге шақырамыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastyz-selhoz/press/news/details/1179294?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау