Наурыз тұжырымдамасы аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» стелласының алаңында «Ән оятсын көктемді» атты мерекелік концерт өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттап, қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, адамдарды бір-біріне қолдау көрсетуге, жанашырлық танытуға үндей отырып, көктемнің шуақты көңіл күйін жұртшылықпен бөлісу.
Мерекелік концертке жас өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдары қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара барысында ән мен би өнері арқылы көктемнің әсем лебі мен
Наурыз мерекесінің шаттыққа толы атмосферасы сезілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181497?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау