Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға, эковолонтерлікті дамытуға және білім беру іс-шараларын өткізуге арналған заманауи алаң — Эко Хабтың ашылуы өтті.
Эко Хаб студенттерді, белсенділерді және волонтерлерді экологиялық жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу, тұрақты тәжірибелерді насихаттау және идеялармен алмасу үшін біріктіреді.
Сонымен қатар, Эко Хаб табиғатты қорғауға және өңірдің дамуына үлес қосуға ұмтылатын жастарды қолдай отырып, кәсіпкерлер мен стартаптар үшін де жаңа мүмкіндік алаңына айналады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-zhastar/press/news/details/1180162?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау