Қазақстандағы референдумға барлық сайлау учаскелері толығымен дайын
15 наурызға белгіленген республикалық референдум өткізу үшін барлық сайлау учаскелері Қазақстанда және шетелде жұмыс істеуге толығымен дайын. Бұл туралы Республикалық референдум орталық комиссиясы хабарлады, деп Kazinform агенттігінің тілшісі жеткізді.
Бүкіл ел бойынша 10 402 референдум учаскесі жұмыс істейді. Олардың ішінде: 9 779 учаске – азаматтардың тіркеу орны бойынша; 634 учаске – уақытша тұру орындарында.
Республикалық референдум орталық комиссиясының атап өткеніндей, барлық учаскелер дайындық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Комиссия елдің 20 аймағында тексеру сапарларын жүргізді, олардың барысында мыналар тексерілді:
• учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуы;
• комиссия мүшелерін оқытуды ұйымдастыру;
• халықты ақпараттандыру;
• босату куәліктерін беру;
• азаматтарды референдум қатысушыларының тізімдерімен таныстыру жұмысы.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің мәліметтері бойынша, 2026 жылғы 22 ақпанға қарай тізімдерге 12 461 796 азамат енгізілген.
27 ақпаннан бастап референдум қатысушыларының тізімдері учаскелерде, сондай-ақ онлайн форматта танысуға қолжетімді. Азаматтардың түзетулер мен өзгерістер енгізу туралы өтініштері түскен күні қарастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1180230?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау