Қазақстандық полицейлер Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік акция өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында патрульдік полиция ротасының (ППР) қызметкерлері нәзік жандыларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Акция аясында тәртіп сақшылары аудан көшелеріндегі әйел азаматтарды тоқтатып, оларға жылы лебіздерін білдіріп, гүл шоқтарын табыстады. Шараның басты мақсаты – қоғамда әйел затына деген құрметті арттыру және көктемгі мереке қарсаңында жылы атмосфера қалыптастыру.
ППР қызмет инспекторлары әйелдер қауымына зор денсаулық, отбасылық береке және көктемдей шуақты көңіл-күй тіледі. Өз кезегінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің бұл бастамасына ризашылықтарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй үшін алғыс айтты.
 

 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1181404?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version