Қонаевтағы №949 сайлау учаскесінде ақпанда 18 жасқа толған Алуа Мұсақан алғаш рет дауыс берді. Ол халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің 1-курс студенті.
«Біз отбасымызда 4 баламыз. Ата-анамыз патриоттық сезім туралы айтып, отаншылдықты бойымызға сіңдіріп өсірді. Бүгін мен үшін ерекше күн. Себебі, мен алғаш рет референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Бұл – менің Отан алдындағы жауапкершілігім. Өз таңдауымды жасау – мен үшін үлкен мақтаныш», − деді Алуа.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1181316?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау