2026 жылғы 15 наурыз күні елімізде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық реформасына арналған республикалық референдум өтуде. Бұл маңызды саяси науқанға Мойынқұм ауданының тұрғындары да белсенді түрде қатысуда.
Аудан аумағындағы барлық референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастап, дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылуда. Учаскелерде дауыс берушілерге барлық қажетті жағдай жасалып, референдум талаптарының сақталуы қамтамасыз етілген.
Таңғы уақыттан бастап-ақ аудан тұрғындары өз учаскелеріне келіп, азаматтық белсенділіктерін танытып, ел болашағына бей-жай қарамайтындарын көрсетуде. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, референдум арқылы мемлекет дамуының маңызды кезеңіне үлес қосуда.
Референдум – бұл халықтың өз пікірін білдіретін маңызды демократиялық құрал. Сондықтан бүгінгі дауыс беру еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Аудан тұрғындары референдумға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін көрсетуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1181382?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау