Салауатты ұрпақ – белсенді қоғамның негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық жалпыұлттық коалиция мүшелері аудандағы спорт мектебі ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдағы референдумның маңызы, оның ел дамуы мен қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттырудағы рөлі кеңінен түсіндірілді.

Жиында коалиция мүшелері әрбір азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдағы бірлік пен жауапкершілік мемлекет дамуының басты кепілі екені айтылды.

Өз кезегінде спорттық сауықтыру кешенінің қызметкерлері де ел болашағына бейжай қарамайтындарын жеткізіп, референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1180624?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version