ШҚО әкімі референдумда өз таңдауын жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді.

Аймақ басшысы Өскемендегі №9 учаскеге отбасымен келді. Осылайша, балаларына ата-ананың ел өміріне қатысуы жеке таңдаудан басталатынын іс жүзінде көрсетті.

Өз сөзінде ол референдумның ел болашағы үшін маңызын, облыста тұрғындардың өз таңдауын жасауына барлық тиісті жағдайдың жасалғанын атап өтті.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстанда барлығы 533 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 501-і тіркеу орны бойынша, ал 32-сі уақытша болатын орындарда орналасқан. Учаскелердің 129-ы немесе 24,2 пайызы Өскемен қаласында.

Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 20,64%-ы өз таңдауын жасап үлгерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1181395?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version