Шығыс Қазақстан облысының педагог-психологтары жоғары нәтиже көрсетіп, өңіріміздің абыройын асқақтатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 11-13 наурыз аралығында Алматы қаласында өткен білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Үздік жыл психологі» республикалық байқауында Шығыс Қазақстан облысының педагог-психологтары жоғары нәтиже көрсетіп, өңіріміздің абыройын асқақтатты.

Комиссия  шешімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған 5 психологтің 4-уі жүлдегер атанды:

ІІ орын – ШҚО білім басқармасының Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Алёнушка» балабақшасы» КМҚК  педагог-психологі  Гинц Анна Юрьевна.

 ІІІ орын – ШҚО білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ педагог-психологі Нурскенова Зульфира Жумакановна.

ІІІ орын – ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайы» КМҚК педагог-психологі Бекбаева Динара Дулатқызы.

ІІІ орын – ШҚО білім басқармасының «Облыстық  математика, физика информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ педагог-психологі Ораз Меруерт Қабидолдақызы.

Арнайы грамота иегері – ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 арнайы мектеп-балабақшасы» КММ педагог-психологі Жиброва Наталья Юрьевна.

Республикалық деңгейде облысымыздың намысын қорғаған педагог-психологтарды құттықтап,  шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1180559?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version