Тәжікстан Республикасындағы қазақстандықтар жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс бере алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігіндегі №436 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Сайлау учаскесі Душанбе уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.

Сайлау учаскесінің мекенжайы: Душанбе қаласы, Хусейнзода көшесі 31/1 (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1180143?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version