Тараз қаласында сауда орталығында өрт-тактикалық сабақ өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласы ТЖБ №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Тараз қаласы Ұлы Дала мөлтек ауданында орналасқан сауда орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өрт-тактикалық сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – нысанда өрт болған жағдайда өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет етуін пысықтау, қызметкерлердің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру және адамдарды қауіпсіз эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде көрсету. Сабақ барысында шартты өрт ошағы анықталып, өрт сөндірушілердің жедел әрекеті, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару және нысан қызметкерлерімен өзара іс-қимылдары пысықталды. Іс-шара соңында өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1180214?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version