Күн мен түн теңеліп, табиғат-ана бусанған, жер-жаһан нұрға бөленген әз-Наурыз босағамыздан енді!
Бұл — тек жыл басы емес, бұл — бірлік пен берекенің, ізгілік пен жаңарудың символы. Биыл Әйтеке би ауданында Наурыз мейрамы ерекше форматта — «Наурызнама» онкүндігі аясында аталып өтілмек!
Он күн бойы ауданымыз нағыз думанның ортасына айналады:
Көне салт-дәстүрлеріміз жаңғырады;
Ұлттық спорттан тартысты жарыстар өтеді;
Қайырымдылық шаралары мен тағылымды кештер ұйымдастырылады;
Көктемгі тазалық пен мәдениет салтанат құрады.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды мерекелік іс-шаралардың белсенді қатысушысы болуға шақырамыз. Ақ дастарқан басында қауышып, ақ тілектерімізді бірге айтайық!
Ауданымыздың әр шаңырағына құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз!
Келіңіздер, Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы алайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1180061?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау