Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы тұрғындары белсенді дауыс беруде.
Атап айтқанда, Хан ордасы ауылындағы №60 референдум учаскесіне тарихи кейіпкерлер бейнесіндегі тұрғындар келіп, дауыс берді. Солардың қатарында Жәңгір хан мен Фатима ханым кейпіндегі тұлғалар да болды.
Тарихи образдағы қатысушылар учаскеге келіп, өз таңдауларын жасап, тұрғындарды ерекше әсер сыйлады. Мұндай бастама ұлттық тарихқа құрмет білдірумен қатар, сайлау учаскесіндегі мерекелік атмосфераны арттыра түсті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1181490?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау