12.03.2026 жылғы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ж. Досмырзаева «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық «Әулие ата аудандық» №1 Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім қызметкерлеріне «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу» және «электронды апостильдеуді қабылдау тәртібі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және электронды апостильдеуді қабылдау тәртібі бойынша заңнамалық актілер түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар беріліп, жұмыстың сапасын арттыру мақсатында тиісті ұсыныстар айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1180567?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау