Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында азаматтардың маңызды міндеттерінің бірі – еліміздің тарихи және мәдени мұрасын сақтау екені атап көрсетілген.
Бұл талап әрбір азаматтың өз елінің тарихына, ұлттық дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарауын білдіреді. Сонымен қатар, тарихи ескерткіштерді, мәдени нысандарды қорғау және оларды келер ұрпаққа аман жеткізу – қоғам алдындағы ортақ жауапкершілік болып табылады.
Тарихи-мәдени мұра – халқымыздың өткен жолын, қалыптасу кезеңдерін және ұлттық болмысын айқындайтын маңызды құндылық. Сондықтан оны сақтау мен насихаттау елдің рухани дамуы мен ұлттық бірегейлігін нығайтудың маңызды тетігі саналады.
Жаңа Конституция жобасында көрсетілген бұл міндет әр азаматты ел тарихына құрметпен қарап, мәдени құндылықтарды қорғауға үлес қосуға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1180116?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау