НАУРЫЗНАМА: «ТҮРКІСТАН ХИКАЯСЫ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Түркістан музыкалық драма театры жанынан құрылған «Түркістан» ансамблі өзінің бір жылдық шығармашылық кешін «Түркістан хикаясы» атты гала-концертпен қорытындылады. Кеш барысында ансамбльдің бір жыл ішінде сахналаған үздік музыкалық туындылары ұсынылып, көрермендер ұлттық әуен мен заманауи музыкалық бағыттар үндескен мазмұнды бағдарламаның куәсі болды.
Гала-концертке Қанат және Светлана Айтбаевтар, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Досымжан Таңатаров, Зарина Божакова сынды еліміздің танымал өнер майталмандары қатысып, көрермендерге өздерінің таңдаулы музыкалық тартуларын ұсынды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1181272?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау