«Жылдың үздік психологы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 12–13 наурыз күндері Алматы қаласында «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауының қорытынды кезеңін өткізді.

Байқау талантты психологтарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби дамуына әрі шығармашылық өсуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

Республикалық байқауда Павлодар облысының намысын 4 педагог-психолог қорғады.

Қатысушылардың жұмыстарын еліміздің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог-психологтары бағалады.

Байқаудың қорытынды кезеңі мамандарымыздың жоғары кәсіби шеберлігін айқын көрсетті. Қатысушылардың барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді:

І дәрежелі дипломБолатхан Береке, Екібастұз қаласы Сарғамыс жалпы орта білім беру мектебінің педагог-психологы;

ІІ дәрежелі диплом – Аушахманова Жулдыз Толеухановна, Май ауданы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің педагог-психологы;

ІІІ дәрежелі диплом

  • Игберлинова Гульзат Богембаевна, Ертіс ауданы Ұзынсу жалпы орта білім беру мектебінің педагог-психологы;
  • Рустемханова Айгерим Сериковна, Ақсу қаласы №18 бөбекжай-балабақшасының педагог-психологы.

 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1180569?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version