15 Наурыз Маржанбұлақ ауылдық округінде Наурызнама аясында Қайырымдылық күні ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күні Маржанбұлақ ауылдық округінде Қайырымдылық күніне орай бірқатар игі іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы атаулы күн қарсаңында Маржанбұлақ орта мектебі оқушылары ардагер ұстазымыздың үйіне барып, қол көмектерін көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Үлкенге құрмет – ұлтымыздың асыл дәстүрі. Осындай игі істер арқылы оқушыларымыз мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді. №2 Маржанбұлақ орта мектебінің оқушылары белсенділік танытып, ауыл тұрғындарына көмек көрсетіп, сауапты іске атсалысты. Оқушылар мектеп ауласын және ауыл тұрғындарының үйлерінің айналасын қардан тазалау жұмыстарына көмектесіп, үлкендерге қолғабыс етті. Сонымен қатар ардагер ұстазымыздың үйіне арнайы барып, қол көмектерін көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Жас ұрпақтың мейірімділік пен қамқорлыққа толы бұл әрекеті – үлкенге құрмет көрсетудің және қоғамға жанашырлық танытудың жарқын көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушылардың бойында адамгершілік, жауапкершілік, бірлік пен қайырымдылық қасиеттері қалыптасады. Игі іс – әр жүректен басталады!

https://www.instagram.com/reel/DV5jo0UAsqy/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

https://www.instagram.com/reel/DV8bIEMCOZd/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1182474?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version