Қала әкімі дауыс беру – әр азаматтың конституциялық құқығы әрі азаматтық борышы екенін айтып, барша тұрғындарды ел дамуына бей-жай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды.
– Референдум – мемлекетіміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылдайтын тарихи сәттердің бірі. Осындай маңызды күні әрбір азамат өз таңдауын жасап, елдің дамуына үлес қосуы тиіс. Бүгін мен де отбасыммен бірге келіп, өз дауысымды бердім. Бұл – менің азаматтық борышым, – деді қала басшысы.
Айта кетейік, бүгін республика бойынша референдум өтіп жатыр. Ақтау қаласында дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Барлық сайлау учаскелері тұрғындардың еркін әрі ашық түрде дауыс беруі үшін қажетті жағдайлармен толық қамтамасыз етілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1182521?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау