Ақтаудағы сайлау учаскесіне алғаш болып келгендерге арнайы сыйлықтар табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
15 наурыз күні республикалық референдум аясында Ақтау қаласындағы №44 және №45 сайлау учаскелеріне алғаш келген дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Таңмен таласа дауыс беруге келген қала тұрғындары саяси науқанға белсенді қатысып, азаматтық борыштарын орындауға ниет білдірді. Алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келген ақтаулықтар мұндай құрметтің көрсетілгеніне ризашылықтарын білдіріп, игі бастамаға қолдау танытты.

– Азаматтық борышымыз деп ерте келдік. Алғаш келген екенбіз, сыйлыққа ие болып жатырмыз. Барша ағайынды Амал мерекесімен құттықтаймын, – деді қала тұрғыны.

 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1182489?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version