Байкерлер өздерінің азаматтық борышын орындап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге қатысқанын атап өтті.
– Біз үшін ел тағдыры шешілетін сәтте сырт қалу мүмкін емес. Өз пікіріңді білдіру маңызды. Сайлауды да, референдумды да ешқашан жіберген емеспін, – деді Маңғыстау облыстық автомотоспорт федерациясының басшысы Павел Инюткин.
Референдум күні мотобайкерлер белсенділік танытып қана қоймай, өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, қоғамдағы белсенді азаматтық позиция үлгісін көрсетті. Мұндай қадам жастар мен қоғамның басқа топтары үшін де ел болашағына бейжай қарамаудың маңыздылығын айқын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1182541?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау