«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №544 бұйрығы (22.01.2016 ж. №67 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен) негізінде 2026 жылғы 22 сәуірде Ақтөбе қаласының мемлекеттік мектептері арасында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру бойынша қалалық конкурс (І кезең) өткізілетіндігі туралы хабарлайды («Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2026 жылғы 16 наурыздағы №129 бұйрығы). Конкурсқа қатысу үшін өтінім және Қағидалардың 11-тармағында белгіленген өлшемдерге (рейтингілік көрсеткіштерге) сәйкес тиісті құжаттарды «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-не (Қ. Сәтбаев көшесі, 16Б, №13 кабинет) 2026 жылғы 17 сәуірге дейін тапсыру қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-oo/press/news/details/1182346?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау