Астана қаласы прокуратурасы білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Астана қаласының «Алматы» ауданы прокуратурасы білім беру ұйымдарының бірінде қызметкерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады.

    Талдау барысында төрт қызметкерге ұзақ уақыт бойы әлеуметтік аударымдар жүргізілмегені белгілі болды.

     Бұған олардың қателесіп жасына байланысты зейнеткерлер қатарына жатқызылуы себеп болған.

     Алайда аталған қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

     Нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында көрсетілген қызметкерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалмаған.

     Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзушылықтар жойылды: қызметкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, 909 936 теңге көлемінде әлеуметтік аударымдар төленді, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

     Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарының сақталуы прокуратураның тұрақты бақылауында.

Астана қаласының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1182305?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version