Мемлекеттік еңбек инспекциясы ҚР ЭжТРМ Орман шаруашылығы жануарлар дүниесі комитеті «Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi» РММ кәсіпорнында семинар өткізді. Кездесу барысында еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша өзекті тақырыптар талқыланды. Қатысушыларға еңбек саласының негізгі талаптарын түсіндіріп, жұмыс берушілердің оларды бұзған үшін жауапкершілік шаралары туралы айтып, еңбек дауларының алдын алу бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті. Қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбекті қорғау және жұмыс орындарында қауіпсіз жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1182336?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау