2026 жылғы 16 наурызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаментінің басшысы М.К. Сабаганов пен «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ филиалының директоры О.Г. Деркачпен кездесу өткізді.
Талқылаудың негізгі тақырыбы қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындауға байланысты жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру болды.
Міндетті сақтандыру шарты өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда қызметкерлерді әлеуметтік және қаржылық қорғаудың негізгі кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы әрбір жұмыс беруші штат санына қарамастан, өзінің барлық қызметкерлеріне қатысты сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартының болмауы заңнаманы бұзу болып табылады және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 230-бабына сәйкес 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Кездесу барысында жұмыс берушілер мен сақтандыру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы құқықтық хабардарлықты арттыру жөніндегі шаралар және міндетті сақтандыру шарты жоқ адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту жөніндегі жоспарланған іс-шаралар талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1182369?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау