Көрісу күні білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева педагог ардагер, ҚР Білім беру үздігі Малайдар Марта Есіркепқызын барып мерекемен құттықтады.
Марта Есіркепқызы — өмірін білім саласына арнаған адам. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс кентінде дүниеге келген ол математика мұғалімінен бастап білім беру ұйымдарын басқарушыға дейінгі үлкен және абыройлы еңбек жолын өтті.
Педагогикалық қызметін 1979 жылы бастаған ол кейінгі жылдары Шалқар ауданының білім саласының дамуына зор үлес қосты. Шалқар қаласындағы №№1 қазақ орта мектебінде жұмыс істей жүріп, өзін білікті педагог, мықты ұйымдастырушы және дана басшы ретінде көрсетті. Кейін аталмыш мектепті басқарды, ал 2005-2016 жылдары Актөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның директоры болды. Еңбек жолы барысында Марта Есіркепқызы әріптестерінің, оқушылардың және ата-аналардың үлкен құрметіне ие болды. Оның кәсібилігі, қызметке адалдығы және жоғары беделі мемлекеттік және ведомство наградаларымен мойындалды. Солардың ішінде — «Қазақстан Республикасы Білім беру үздігі» атағы, Ы. Алтынсарин атындағы медаль, «Еңбек ардагері» медалі, сондай-ақ Актөбе қаласы әкімінің, Ақтөбе облысы әкімінің және Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаттары бар.
Кездесу барысында білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева атап өтті:
«Сіздің тәжірибеңіз кейінгі педагогтар ұрпағы үшін баға жетпес. Сіздей мамандардың арқасында жаңа мұғалімдер даналыққа, кәсіби адалдыққа және өз жұмысына деген сүйіспеншілікке үйренеді. Сіздің үлгіңіз бүгінгі күнде де шабыт беріп отыр».
Білім саласының ардагері Шалқар ауданының білім беру саласының дамуын қазір де қадағалап, оның жетістіктеріне қуана қарайды. Ол педагогикалық қауымдастықты белсенді қолдап, жаңа білім беру бастамаларына қызығушылық танытып, өз бай тәжірибесін жас мамандарға үйретіп келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1182462?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау