Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні Астанада қоғамдағы рухани құндылықтар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Наурызнама» онкүндігі аясында 16 наурыз Қазақстанда Мәдениет және салт-дәстүр күні атап өтіледі. Осыған орай бүгін елордада «Ұстаным» пікірталас клубы «Ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер – қоғамдық дамудың ресурсы» тақырыбында жиын ұйымдастырды.

Отырысқа ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлік азаматтық альянстар жетекшілері, сондай-ақ қаламгерлер мен сарапшылар қатысты.

Кездесу барысында ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтардың қоғамдық бірлікті нығайтуға ықпалы, елдің мәдени мұрасын сақтаудың маңызы талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша ұлттық дәстүрлерді сақтау және оларды заманауи тұрғыда қайта зерделеудің мәні, жастар тәрбиесіндегі рөлі, мемлекет пен азаматтық қоғам күшін біріктірудегі орны ерекше атап өтілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1182342?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version