Астанада табиғаттың жаңару мерекесі қарсаңында «Жастар» сарайы шығармашылық ұжымы бірегей театрландырылған-цирктік жоба – «Наурыз. Жарық күші – 2» көктемгі музыкалық ертегісін көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл жай ғана қойылым емес, заманауи технологиялар мен Ұлы даланың көне аңыздары астасқан, әлемдік тепе-теңдік туралы ауқымды тәмсіл.
Оқиға үлкен сыннан басталады: қараңғылық әміршісі Қараңғалық «жарықтың күшін жойып», әлемді қорқыныш пен мәңгілік суық мекеніне айналдырады. Басты кейіпкерлер – қарапайым балалар Көктемнің келуі үшін Қараңғалықпен қатерлі ойынға түсуге мәжбүр. Залдағы көрермендер процестің белсенді қатысушысына айналады, олар Наурыз отын жағуға көмектеседі.
Қойылым бағдарламасына цирк нөмірлері мен әртістердің ерекше өнерлері енгізілген.
Іс-шаралар «Жастар» сарайының сахнасында келесі кесте бойынша өтеді:
16 наурыз
11:00 – орыс тілінде;
14:00 – қазақ тілінде.
17 наурыз
11:00 – қазақ тілінде;
14:00 – орыс тілінде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1182183?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау